Астанада компанияның туған күніне орай өткізілген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ХХІІ Спартакиадасы – ауқымды спорттық шара аяқталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген атом холдингі кәсіпорындарының қызметкерлері елордада бас қосып, тартысты ойындарды көрсетіп, жеңімпаздарды анықтады. Бес күн бойы 23 команданың шамамен 1000 спортшысы тоғыз спорт түрі бойынша чемпион атағы үшін бақ сынады: мини-футбол, жеңіл атлетика, волейбол, бадминтон, қол күресі, үстел теннисі, баскетбол, шахмат және киберспорт (FIFA). Әрбір жарыс түрінде спортшылар адал бәсекелестікті, жоғары дайындықты, шеберлікті және жеңіске деген жігерді көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша барлық спорт түрлері бойынша үздіктер анықталды. Жалпыкомандалық есепте жеңісті «ҮМЗ» АҚ құрамасы иеленді, екінші орынды «СП «Оңтүстік Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасы, үшінші орынды «СП «Инкай» ЖШС командасы жеңіп алды. Биыл марапаттау рәсімі ерекше өтті – жарыс аяқталған соң атом холдингінің ұжымы Казатомпром басшылығымен бірге белгілі саяси қайраткерлерді құттықтады.