Nomad Times

Новости

Астанада компанияның туған күніне арналған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ХХІІ Спартакиадасы – ауқымды спорттық шара өз мәресіне жетті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген атом холдингі кәсіпорындарының қызметкерлері елордада бас қосып, тартысты ойындар көрсетіп, жеңімпаздарды анықтады. Бес күн бойы 23 команданың шамамен 1000 спортшысы тоғыз спорт түрі бойынша чемпион атағы үшін бақ сынасты: мини-футбол, жеңіл атлетика, волейбол, бадминтон, қол күресі, үстел теннисі, баскетбол, шахмат және киберспорт (FIFA). Әрбір жарыста спортшылар адал бәсекелестікті, жоғары дайындық деңгейін, шеберлікті және жеңіске деген жігерді көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша барлық спорт түрлері бойынша үздіктер анықталды. Жалпыкомандалық есепте жеңісті «ҮМЗ» АҚ құрамасы иеленді, екінші орынды «СП «Оңтүстік Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасы, үшінші орынды «СП «Инкай» ЖШС командасы еншіледі. Биылғы марапаттау рәсімі ерекше өтті – жарыстың аяқталуына орай атом холдингінің ұжымы Казатомпром басшылығымен бірге белгілі саяси қайраткерлерді құттықтады.

Возврат к списку